Балаларға арналған дәмді езбелер рецептісі
6 айдан асқан сәбилерге арналған жылдам дайындалатын және дәмді езбе рецептілерімен бөлісеміз. Асыңыз дәмді болсын!
Балалар езбесін дайындаудың бірнеше маңызды ережелері
-
Тек жаңа піскен көкөністер мен жемістерді қолданыңыз.
-
Көкөністі пісіруге арналған су сүзілген немесе бөтелкедегі болуы керек.
-
Егер мұздатылған тағамдарды қолдансаңыз, тек бүтін көкөністер мен жемістерді таңдаңыз, өйткені оларда ең көп пайдалы заттар сақталады.
-
Нәрестелердің рационына асжапырақ, салат жапырағы, қызылша, қауын және қарбыз сияқты нитраты жоғары көкөністер мен жемістерді пайдаланбаңыз.
-
Дүкеннен сатып алынған көкөністердің нитраттарын шығару үшін суға салып қоюды ұсынамыз: ол үшін 1-2 сағат, картопқа — 24 сағат керек.
Сәбіз-брокколи
Ингредиенттері:
брокколи – 3 гүлі
сәбіз текшелері - ½ стақан
сүт немесе су – 70 мл
өсімдік майы — 1 шай қасық.
Дайындау:
Көкөністерді 15-20 минут буға пісіріңіз, блендермен біртекті езбе болғанша езгілеңіз.
Кәді-картоп
Ингредиенттері:
кәді текшелері - 1 стақан
картоп текшелері - 1/5 стақан
сүт немесе су – 40 мл
зәйтүн майы – жарты шай қасық
Дайындау:
Крахмалы шығу үшін картопты суық суға салып қойыңыз. 15 минут буға пісіріңіз, содан кейін блендермен біртекті езбе жасаңыз.
Асқабақ – гүлді орамжапырақ
Ингредиенттері:
асқабақ текшелері – 1 стақан
гүлді орамжапырақ – 2-3 гүлі
су немесе сүт – 60 мл
өсімдік майы – 1 шай қасық
Дайындау:
Көкөністерді 15 минут буға пісіріңіз де, қою езбе жасаңыз.
